О внесении дополнения и изменения в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 15 ноября 2000 года N 87 "Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  1-бабының 27-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және  57-бабына  сәйкес, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын және жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1330 тіркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында 2001 жылы қаңтарда N 1 жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1690 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434  қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2334 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134  қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2472 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 284  қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2666 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 487  қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3424 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 378  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережеде:
Тармақ 3
3-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 6-1
"6-1) ықтимал шығындар резервін шегергендегі, Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары (негізгі борыш сомалары мен есептелген сыйақыны ескере отырып);"; 26-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацындағы "және мемлекеттің немесе қаржы агенттігінің кепілдігімен шығарылған облигациялардан" деген сөздер ", инфрақұрылымдық облигациялардың және қаржы агенттігінің кепілдігімен шығарылған облигациялардан" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін. Төраға