О внесении дополнительных изменений в решение Акима Восточно-Казахстанской области от 15 февраля 2000 года № 811 «О формировании и использовании средств Восточно-Казахстанского областного фонда охраны окружающей среды на 2000 год» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау қорының қаражаттарын 2000 жылға қалыптастыру және пайдалану туралы» Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2000 жылғы 15 ақпандағы №811 шешіміне қосымша өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2002 жылғы 18 ақпандағы N 86 қаулысымен. Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау қоры (Браташ И.В.) «Шығыс Қазақстан облысың қоршаған ортаны қорғау қорының қаражаттарын 2000 жылға қалыптастыру және пайдалану туралы» Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 811 шешіміне «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау қорының 2000 жылғы кіріс және шығыс сметалары» №1 қосымшасының «Табиғи ресурстарды үдете өндіру шараларын жүзеге асыру» 4 тармағы бойынша шығындарды азайту есебінен Шығыс Қазақстан облысында орман өрттерін анықтау және сөндіру үшін орман патрульдері жұмыстарын ұйымдастыруға облыстық қоршаған ортаны қорғау қорынан 4 368 515 (төрт миллион үш жүз алпыс сегіз мың бес жүз он бес) тенге бөлсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау қоры (Браташ И.В.) «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау қорынаң 2000 жылғы кіріс және шығыс сметалары» №1 қосымшасының «Табиғи ресурстарды жаңадан өндіру шараларын жүзеге асыру» 4 тармағы бойынша 2000 жылғы жартыжылдықтың кіріс және шығыс сметаларына түзетулер енгізу кезінде 4 368 515 (төрт миллион үш жүз алпыс сегіз мың бес жүз он бес) теңгені қалпына келтірсін.
Тармақ 3
3. Облыстық конкурс комиссиясы (Құрманғалиев А.Ә.) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында орман өрттерін анықтау және сөндіру үшін орман патрульдері жұмыстарын жүргізу құқығына тендер өткізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсін.