О внесении дополнений в решение Акима Восточно-Казахстанской области от 15 февраля 2000 года № 811 "О формировании и использовании средств Восточно-Казахстанского областного фонда охраны окружающей среды на 2000 год" Күшін жойған
Басқа 0
"Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының 2000 жылға арналған қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану туралы" Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 811 шешiмiне толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 18 ақпандағы № 86 қаулысымен.
Жалғызтөбе ауылы ауданындағы су айдындарының және жерасты суларының бұрынғы кеңестiк стратегиялық зымырандық күштердің SS-18 құрылықаралық баллистикалық зымырандардың (МРБ) көмекшi құрылымдарынан (бiрiккен құю кешендерi мен ядролық қарулар қоймалары) ластану деңгейiн азайту жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мақсатында ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (Браташ И.В.) "Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының 2000 жылға арналған қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану туралы" Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 811 шешiмiне "Облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2000 жылға арналған кiрiстерi мен шығыстарының сметасы" туралы № 1 қосымшаның "Табиғи ресурстарды қалпына келтiру шараларын жүзеге асыру" деген 4 тармағы бойынша шығындарды кемiту есебiнен Жалғызтөбе ауылы ауданындағы су айдындары мен жерасты суларының ластану деңгейiн азайту жөнiнде жұмыстар жүргiзу үшiн облыстық қоршаған ортаны қорғау қорынан 1000000 (бiр миллион) теңге бөлсiн.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (Браташ И.В.) 2000 жылдың екiншi жартыжылдығына арналған кiрiстер мен шығыстар сметасын пысықтаған кезде "Облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2000 жылға арналған кiрiстерi мен шығыстарының сметасы" туралы № 1 қосымшасының "Табиғи ресурстарды қалпына келтiру шараларын жүзеге асыру" деген 4 тармағы бойынша 1000000 (бiр миллион) теңгенi орнына келтiрсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық конкурстық комиссия (Құрманғалиев А.Ә.) Жалғызтөбе ауылы ауданындағы су айдындары мен жерасты суларының ластану деңгейiн азайту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу құқына арналған тендердi "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес өткiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнің орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсiн.