О внесении изменений в решение Акима Восточно - Казахстанской области от 15 февраля 2000 года № 811 «О формировании и использований средств Восточно - Казахстанского областного фонда охраны окружающей среды на 2000 год» Күшін жойған
Басқа 0
"Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының 2000 жылға арналған қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану туралы" Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 2000 жылғы 15 ақпандағы № 811 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 18 ақпандағы № 86 қаулысымен.
Өскемен қаласының атмосфералық ауасының ластануын азайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыру мақсатында ШЕІШМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (Браташ И.В.) Өскемен қаласын көгалдандыру жөніндегі шараларды орындауға Облыс Әкімінің 2000 жылғы 15 ақпандағы шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының кірістері мен шығыстар сметасының 2, 4 тармағы бойынша шығыстарды шығарып тастау есебінен 1 000 000 (бір миллион) теңге бөлсін.
Тармақ 2
2. Облыстық конкурстық комиссия (Құрманғалиев А.Ә.) «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі заңына сәйкес жоғарыда аталған шаралар жөніндегі жұмысты жүргізу құқысына тендер өткізсін.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (Браташ И.В.) конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес конкурс жеңімпазымен жұмысты жүргізуге шарт жасасын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсін.