О внесении изменений в решения Акима Восточно-Казахстанской области от 15 февраля 2000 года № 811 и от 21 июля 2000 года № 878 "О формировании и использовании средств Восточно-Казахстанского областного фонда охраны окружающей среды на 2000 год" Күшін жойған
Басқа 0
"Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының 2000 жылға арналған қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану туралы" Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 2000 жылғы 15 ақпандағы № 811 және 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 878 шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2001 жылғы 22 ақпандағы № 995 шешімімен.
Облыстың экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асыру үшiн ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (Браташ И.В.) облыс Әкiмiнiң 2000 жылғы 15 ақпандағы № 811 шешiмiмен бекiтiлген Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының кiрiстер мен шығыстар сметасының 1.6, 2.2, 3.2 тармақтары бойынша және облыс Әкiмiнiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 878 шешiмiмен бекiтiлген Шығыс Қазақстан облыстық қорының кiрiстерi мен шығыстарының қосымша сметасының 1.1, 2.1, 9 тармақтары бойынша босаған қаражаттарды мына шараларды орындауға жұмсасын:
Тармақша 1
1) Өскемен қаласында мал моласының құрылысына 2000 мың теңге көлемiнде;
Тармақша 2
2) Күршiм ауданының Теректi сутартқысында "Аквахлор-100" қондырғысының көмегiмен жер үстi көздерiнiң ауыз суын тазартудың әдiстерiн енгiзуге 800 мың теңге көлемiнде.
Тармақ 2
2. Облыстық конкурстық комиссия (Құрманғалиев А.Ә.) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес жоғарыда аталған объектiлерде жұмыс жүргiзу құқысына тендер өткiзсiн.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (Браташ И.В.) конкурстық комиссияның шешiмiне сәйкес конкурс жеңiмпаздарымен жұмыс жүргiзуге шарт жасасын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсiн.