О внесении изменений в решение акима области от 15 сентября 2000 года №314 «О создании комиссии по поощрению граждан, участвующих в охране общественного порядка, способствовавших предупреждению и пресечению преступлений и утверждении ее Условий», зарегистрированного за № 674 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
674-нөмірмен тіркелген облыс әкімінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі «Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құру және оның Жағдайын бекіту туралы» №314 шешіміне өзгертулер енгізу туралы Облыстың атқарушы органдары басшылығында кадрлық өзгертулер болуына байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН: «Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құру және оның Жағдайын бекіту туралы» облыс әкімінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі шешіміне (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік реестрінде 2001 жылы 23 сәуірде 674-нөмірмен тіркелген, облыс әкімінің 2001 жылғы 24 ақпандағы № 421 шешімімен енгізілген өзгертулермен) келесі өзгертулер енгізілсін: 1) шешімнің атауындағы «комиссия» сөзінің алдына «облыстық» сөзі қосылсын; 2) аталған шешіммен бекітілген №1 қосымша жаңа редакцияда берілсін (тіркеледі). і ОБЛЫС ӘКІМІ И.АДЫРБЕКОВ
Басқа 1. Қ ҰР А М Ы
Облыс әкімінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 26 шешімімен бекітілген № 1 қосымша Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысқан азаматтарды көтермелеу мәселелерін қарау жөніндегі облыстық комиссияның Қ ҰР А М Ы Ыдырысов Құттықожа Ыдырысұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Жайсаңбаев Қанатбек Бахытұлы - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары Рахымұлы Бахытжан - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Ахметов Ғалымжан Ахметұлы - облыстық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары (келісім бойынша) Баймағамбетов Әлиасқар Сейітжапарұлы - Қызылорда станциясының желілік ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Ысқақова Райхан Хусайынқызы - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары