О ратификации Протокола о внесении изменений в Шанхайскую конвенцию о борьбе с терроризмом, сепаратизмом и экстремизмом, подписанную 15 июня 2001 года в городе Шанхае (Китайская Народная Республика) Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) 2001 жылғы 15 маусымда қол қойылған Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) 2001 жылғы 15 маусымда қол қойылған Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына Ташкентте 2003 жылғы 5 қыркүйекте қол қойылған өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады 2001 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) қол қойылған Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына (бұдан әрі - Конвенция) өзгерістер енгізу туралы 2003 жылғы 29 мамырдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шешіміне сәйкес Төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасады:
Бап 1. 1-бап
1-бап Конвенциясының 10-бабындағы "Бішкек" сөзі "Ташкент (Өзбекстан Республикасы)" сөзіне өзгертіледі.
Бап 2. 2-бап
2-бап Осы Хаттама күшіне енуіне қажетті Қазақстан Республикасынан, Қытай Халық Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Тәжікстан Республикасынан және Өзбекстан Республикасынан олардың мемлекетішілік үдерістерді орындағандары туралы жазбаша түрдегі мәлімдеменің соңғысын депозитарий алған соң 30-шы күні осы Хаттама күшіне енеді.
Бап 3. 3-бап
3-бап Осы Хаттама Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылады. 2003 жылғы 5 қыркүйекте Ташкент қаласында бір данада орыс және қытай тілдерінде жасалды, сонымен қатар екі мәтіннің күші бірдей. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ҚЫТАЙ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮШІН ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН