О внесении дополнений и изменений в Приказ Таможенного комитета Министерства государственных доходов от 15 февраля 2001 г. N 51 "Некоторые вопросы таможенного оформления товаров и транспортных средств" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің "Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің кейбір мәселелері" туралы 2001 жылғы 15 ақпандағы N 51 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнің "Каспий құбыр желiсi Консорциумы туралы" 1997 жылғы 19 сәуiрдегi N 3464 U973464_ Жарлығын орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кірiс министрлiгі Кеден комитетiнiң 2001 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 30 мамырда N 1441  V011441_  болып тiркелген "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудің кейбiр мәселелерi" туралы N 51 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы құбыр желiсi көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша тасымалданатын тауарларды кедендік ресiмдеудің ережесіне толықтырулар мен өзгерiстер бекiтілсiн:
Тармақ 2
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Баспасөз қызметі (Б. Омарәлиев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы құбыр желісі көлігімен және электр беру желілері бойынша тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің ережесіне толықтырулар мен өзгерістер
ҚР МКМ Кеден комитетінің 2001 жылғы 12 қазандағы N 355 бұйрығына қосымша Келісілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі 16 қазан 2001 жыл ҚР МКМ Кеден комитетінің 2001 жылғы 12 қазандағы N 355 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы құбыр желісі көлігімен және электр беру желілері бойынша тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің ережесіне толықтырулар мен өзгерістер
Тармақ 1
1. 8-тармақ "тауарларды" деген сөзден кейiн "осы Ереженің 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 2
2. 11-тармақ "декларант" деген сөзден кейiн "осы Ереженiң 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 3
3. 14-тармақтың жетiншi абзацы "декларант" деген сөзден кейiн "осы Ереженің 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 4
4. 18-тармақта:
Тармақша 1
1) бiрiншi абзацтағы "әкелiнгеннен кейiн" деген сөздерден кейiн "осы Ереженiң 40-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) екiншi абзац алып тасталсын;
Тармақша 3
3) төртiншi абзац "толық" деген сөздің алдында "мұнай бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 5
5. Мынадай мазмұндағы 8-тараумен толықтырылсын:
Тармақ 8
"8. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы Каспий құбыр желiсi Консорциумының құбыр желiлерiнiң арналы жүйесi бойынша тасымалданатын мұнайды кедендiк ресiмдеу.
Тармақ 38
38. Мұнайды кедендiк ресiмдеу Атырау облысы бойынша кеден басқармасының энергетикалық кеден бекетi қызметiнiң аумағында жүргiзiледi.
Тармақ 39
39. Үш күнтiзбелiк айдың iшiнде бiр шарт (келiсiм-шарт) бойынша тасымалданатын мұнай бiр топ ретiнде мәлiмденедi, ЖКД-ның 31-бағанына декларант айдың және жылдың атын көрсете отырып "...ішінде жеткізіледі" деген қосымша жазу жазады.
Тармақ 40
40. Толық жүктік кедендік декларацияны УЖКД-да мәлімделген мұнайды кедендік ресімдеуді жүргізетін кеден органына ұсыну мерзімі УЖКД-да көрсетілген Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы мұнай тобын жеткізудің соңғы айы біткен күннен бастап үш айдан аспауы тиіс".