О внесении дополнений в приказ Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 15 февраля 2001 года N 54 "О таможенном оформлении товаров и транспортных средств" Күшін жойған
Басқа 0
"Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңының 154-бабына сәйкес, сондай-ақ тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдейтiн орынды белгiлеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Кедендiк ресiмдеудi жүргiзудiң орны мен уақыты туралы нұсқаулықта:
5-тармақта:
бiрiншi және екiншi абзацтарда "тұлға" деген сөзден кейiн "не оның құрылымдық бөлiмшесi" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң баспасөз хатшысы С.Ж. Мұқашев осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының орынбасары Б.Т. Жұмабаевқа жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.