О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 15 февраля 2001 года N 54 "О таможенном оформлении товаров и транспортных средств", зарегистрированный Министерством юстиции Республики Казахстан за N 1442 от 30 марта 2001 года Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 болып тiркелген "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi Төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Pecпубликасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының күшi жойылды деп танылған бұйрықтарының тiзбесi
2. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 тiркелген "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi төрағасының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 157 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде 2003 жылғы 13 қаңтарда N 2116 тiркелген, 2003 жылы "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесiмдерiнің бюллетенінде" жарияланған N 13, 827-құжат).
Төраға
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден Комитетi Төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2002 жылғы 6 наурыздағы N 69 бұйрығымен , Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2002 жылғы 12 қарашадағы N 95 бұйрығымен енгiзiлген өзгерiстерiмен қоса, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 етiп тiркеген, Кеден жаршысының 2001 жылғы N 2 санында жарияланған) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында еркiн кеден аймағы режимiмен мәлiмделген тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесiнде:
1) 10-тармақта:
сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"N 0.000 элемент, мұнда";
он бiрiншi абзац алынып тасталсын;
он екiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте тауарларды кезеңдiк декларациялау рәсiмi бойынша тауарларды әкелуге кезеңдiк жүк кедендiк декларациясын тiркеген сәттен бастап отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде рұқсат етiледi. Тауарларды әкелу аяқталғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей әкелiнген тауардың нақты саны ескерiле отырып толтырылған толық жүк кедендiк декларация ұсынылады".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.