О внесении изменений и дополнений в указы Президента Республики Казахстан от 15 октября 2001 года N 702 и от 2 апреля 2002 года N 839 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 702 және 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы ереженің 16-тармағында "Мемлекеттік-құқық басқармасы" деген сөздер "Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімі" деген сөздермен алмастырылсын; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына: Имашев Берік Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары, Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасы Әділет министрі, Ақылбеков Серік Секербайұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің сектор меңгерушісі, хатшы болып енгізілсін; мына жолдар: "Мұхаметжанов               - Қазақстан Республикасы Президенті Бауыржан Әлімұлы              Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Мемлекеттік-құқық басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары", "Тұрысбеков                 - Қазақстан Республикасының Зауытбек Қауысбекұлы          Ішкі істер министрі" тиісінше мынадай редакцияда жазылсын: "Мұхаметжанов               - Қазақстан Республикасы Ішкі істер Бауыржан Әлімұлы              министрі", "Тұрысбеков                 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Зауытбек Қауысбекұлы          қызмет істері агенттігінің төрағасы"; аталған Комиссияның құрамынан Ғ.Р.Әбдірахымов, О.И.Жұмабеков, В.Д.Федотов, О.Ч.Червинский шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті