О частичном изменении постановления акимата города от 15 августа 2001 года № 21 "Об открытом тендере на право осуществления пассажирских перевозок" (регистрационный номер № 425 от 17 августа 2001 года) Күшін жойған
Басқа 0
Қала әкімдігінің "Жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына ашық тендер туралы" 2001 жылғы 15 тамыздағы № 21 қаулысын ішінара өзгерту туралы (тіркеу нөмірі 425 2001 жылғы 17 тамыз)
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, облыс прокурорының 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 7-5-03 наразылығы негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің "Жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына ашық тендер туралы" (тіркеу нөмірі № 425 2001 жылғы 17 тамыз), 2001 жылғы 30 тамыздағы № 35 (745) "Трибуна" газетінде жарияланған 2001 жылғы 15 тамыздағы № 21 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Қала әкімдігінің "Жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына ашық тендер туралы" 2001 жылғы 15 тамыздағы № 21 қаулысының 2 тармағымен бекітілген Петропавл қаласы маршруттарында жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру ережесінің күші жойылсын;
Тармақша 2
2) Қала әкімдігінің "Жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына ашық тендер туралы" 2001 жылғы 15 тамыздағы № 21 қаулысының 4 тармағымен бекітілген Петропавл қаласы маршруттарында жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге келісім-шарттағы:
2.2.5.тармақ алынып тасталсын;
3.2.1.тармақтағы "келесі санкциялар: келісім-шартты толық немесе ішінара тоқтата тұру немесе күшін жою" сөздері "заңнамамен көзделген шаралар" сөзімен ауыстырылсын;
4.1.тармақтағы ", маршрут желісі үшін уақытылы төлемеу" сөзі алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімі "Петропавл қаласы әкімдігінің жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен бірлесіп тасымалдаушылармен жасалған келісім-шарттарға өзгерістер енгізу туралы келісімнің жобасын әзірлесін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.К. Көтербековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында міндетті түрде тіркеуге жатады және оны ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.