О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2002 года N 432 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 432 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтауға және дамытуға қаражат төлеудiң 2002 жылға арналған ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 432 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтауға және дамытуға қаражат төлеудiң 2002 жылға арналған ережесiнде: 11-тармақтың 2) тармақшасының екiншi абзацында "маусымда" деген сөз "шiлдеде" деген сөзбен ауыстырылсын; қосымшаның 6) тармақшасындағы кесте мынадай редакцияда жазылсын: _________________________________________________________________________ Өнім түрi Бір тоннаға 1 тоннаға арналған арналған арзандату субсидия %-ы нормативі, мың теңгемен _________________________________________________________________________ Күздiк дақылдардан, жүгерi мен 40-қа дейiн 11,926 күрiштен басқа, астық және дәндi бұршақ дақылдары Күздiк дақылдар 40-қа дейiн 14,667 Жүгері 40-қа дейiн 30,000 Күрiш 40-қа дейiн 16,000 Күнбағыс 40-қа дейiн 40,000 Басқа майлы дақылдар 40-қа дейiн 16,000 Картоп 40-қа дейiн 28,000 Жоңышқа 40-қа дейiн 120,000 Басқа көп жылдық шөптер 40-қа дейiн 46,000 Бiр жылдық шөптер 40-қа дейiн 12,000 Қант қызылшасы 40-қа дейiн 16,000 Мақта 40-қа дейiн 22,000 _________________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2002 жылғы 15 сәуірден бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.