О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2002 года N 432 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 432 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру ісін сақтауға және дамытуға қаражат төлеудің 2002 жылға арналған ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 432 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 11, 111-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру ісін сақтауға және дамытуға қаражат төлеудің 2002 жылға арналған ережесінде: 11-тармақта: 1) тармақшаның екінші абзацы "сәуірде" деген сөзден кейін "және қазан-қарашада" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшаның екінші абзацы "және қараша-желтоқсанда" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.