О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 15 октября 2002 года № 166 "О создании областной Комиссии по вопросам малого и среднего бизнеса" (зарегистрировано в областном Управлении юстиции за № 1107 от 21 октября 2002 года), внесены изменения постановлением акимата Мангистауской области от 25 апреля 2003 года № 81 (зарегистрировано управлением юстиции Мангистауской области за № 1461 от 22 мая 2003 года), внесены изменения постановлением акимата Мангистаус Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі облыстық Комиссиясын құру туралы" Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылдың 15 қазанындаы № 166 қаулысына (облыстық әділет басқармасында 2002 жылдың 21 қазанында № 1107 болып тіркелген), Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылдың 25 сәуіріндегі № 81 қаулысымен өзгерістер енгізілген (Маңыстау облысының әділет басқармасында 2003 жылдың 22 мамырында № 1461 болып тіркелген), Маңыстау облысы әкімиятының 2004 жылдың 26 наурызындаы № 76 қаулысымен өзгерістер енгізілген (Маңғыстау облысының әділет Департаментімен 2004 жылдың 13 сәуірінде № 1657 болып тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылдың 24 наурызындағы № 213, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 Заңдарына сәйкес, аймақтық саясаттың мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия отырысының 2004 жылдың 29 маусымындағы № 11-9/005-720 хаттамасын орындау үшін, сондай-ақ, кадрлардың өзгерістеріне байланысты, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясын құру туралы" Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылдың 15 қазанындағы № 166 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулымен бекітілген, шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін: Ильмұханбетова Шолпан Лазарқызы - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары, комиссия мүшесі; Батманов Аяз Көбейсінұлы - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры" Акционерлік Қоғамы Ақтау филиалының директоры (келісім бойынша), комиссия мүшесі; Боқаева Әлия Қайырлақызы - облыстық шағын кәсіпкерлікті қолдау басқармасының бөлім бастығы, комиссия хатшысы (дауыс құқығы жоқ);
Тармақша 2
2) осы комиссия құрамынан Х.Х. Нұрғалиева, А.Е. Жаңабаева шығарылсын.
Тармақша 3
3) көрсетілген қаулымен бекітілген шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясы туралы Ережесіндегі: 3 тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: "шағын кәсіпкерлік субъектілерімен "Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры" Акционерлік Қоғамынан 2004-2006 жылдарға арналған кіші қалаларды дамыту Бағдарламасын іске асыру шеңберінде кредиттік ресурстарын тарту мәселелері жөнінде түсіндіру және ұйымдастыру жұмысын жүргізу"; 4 тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: "инвестициялық жобаларды және шағын кәсіпкерлік субъектілерді несиелеуді жүзеге асыратын "Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры" Акционерлік Қоғамының Ақтау филиалымен, түскен жобалар мен өтінімдерді қарастыру мерзімдерін қысқарту, жобаларды қаржыландыру шарттары мен тетіктерінің тәртібін жергілікті жерлерде түсіндіру, несиелерді ресімдеу рәсімдерін барынша шынайылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста, тұрақты өзара іс-қимыл жасау".
Тармақ 2
2. Комиссияның жаңартылған құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сесcиясының бекітуіне жіберілсін.