О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 15 октября 2002 года № 166 "О создании областной Комиссии по вопросам малого и среднего бизнеса" (зарегистрировано в областном управлении юстиции за № 1107 от 21 октября 2002 года) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 15 қазандағы № 166 "Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі облыстық Комиссиясын құру туралы" қаулысына (облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 21 қазанда № 1107 болып тіркелген) өзгерістер енгізу туралы " Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", " Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және кадрлық өзгерiстерге байланысты, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 15 қазандағы № 166 "Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi облыстық Комиссиясын құру туралы" қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi облыстық Комиссияның құрамына: Мұстапаева Венера Тұрановна - шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың облыстық басқармасының бастығы, Комиссия төрағасының орынбасары Жаңабаева Алтынай Еркiнқызы - шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың облыстық басқармасының бөлiм бастығы, Комиссия хатшысы енгiзiлсiн. Осы Комиссия құрамынан С.Ж. Ерғалиев, М.А. Сұлтанова шығарылсын.
Тармақ 2
2. Комиссияның жаңартылған құрамы облыстық мәслихаттың кезектi сессиясында бекiтiлуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облысы әкiмиятының "Маңғыстау облысы әкiмиятының "Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi облыстық Комиссиясын құру туралы" 2002 жылғы 15 қазандағы № 166 қаулысына (облыстық әдiлет басқармасында 2002 жылғы 21 қазанда № 1107 болып тiркелген) өзгерiстер енгiзу туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегi № 228 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.