О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 15 февраля 2002 года № 21 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятның 2002 жылғы 15 ақпандағы № 21 қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2002 жылғы 22 сәуірдегі № 23-12/10872, № 003-190 тапсырмаларын орындау мақсатында мемлекеттік күзетуге жататын объектілер тізімін оңтайландыру үшін облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10-қарашадағы № 1433 қаулысын іске асыру туралы" облыс әкімиятының 2002 жылғы 15-ақпандағы № 21 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: " Ірі мемлекеттік мұнай-газ қоймалары мен компрессор стансалары" жөніндегі 7 бөлім; "Мемлекеттік байланыс объектісі" жөніндегі 8 бөлім; "Қазтелерадио" ЖАҚ Ақтөбе филиалының телерадио хабарларын тарату орталығы" жөніндегі 8.1 бөлімнің 2 тармағы: "Рамазан" ЖШС элеваторы" жөніндегі 9 бөлімнің 5 тармағы мемлекеттік күзетуге жататын Ақтөбе облысының аумағында орналасқан көрсетілген қаулымен бекітілген объектілер Тізбесінен алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.