О внесении дополнений в решение городского маслихата от 15 октября 2002 года № 26/242 «О правилах содержания животных в городе Актау и пригородных поселках» Күшін жойған
Басқа 0
«Ақтау қаласы және қала жанындағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері туралы» қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қазандағы №26/242 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Ақтау қаласы және қала жанындағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері туралы» қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қазандағы № 26/242 (№ 1245 тіркелген, 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 19 (6186) «Маңғыстау» және 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 15 (8882) «Местное время» газеттерінде жарияланған), « Ақтау қаласы және қала жанындағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері туралы» қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қазандағы №26/242 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (11- 1-15 тіркелген, 2005 жылғы 29 қазандағы № 185-186 (6775) «Маңғыстау» және 2005 жылғы 8 қарашадағы № 186 (9473) «Огни Мангистау» газеттерінде жарияланған) қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 19/153 шешіміне төмендегідей
толықтырулар енгізілсін:
1 -бөлім төмендегідей мазмұндағы 2-1 -тармағымен толықтырылсын:
жауынгерлік және оларға теңестірілген аса агрессивті ит тұқымдарын ұстаудың міндетті шарттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте тұрғандарға және тиісті тіркелімді алуға құқық беретін арнайы оқу курстарын өтпегендерге аталған иттерді ұстауға рұқсат етпеу;
Тармақша 2
2) иттердің иттің аты, иесінің мекен-жайы және телефоны жазылған жетоны бар қысқа қарғы баумен және мойындыққа бекітілген тұмылдырықта болуын қамтамасыз ету.
4-бөлімнің 9-тармағы мына тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ адамдарға немесе жануарларға зиян келтіргені үшін бұрын айыпталған заң бұзушыларға жауынгерлік және оларға теңестірілген аса агрессивті иттерді ұстау;
Тармақша 5
5) көрсетілген иттердің тұрғын үйлер, балалар алаңшаларына жақын жерде, мектепке дейінгі балалар мекемелер, мектептер, спорттық алаңдар және басқа да қоғамдық орындарда жүруі;
Тармақша 6
6) сақшы-иттер өсіру үшін асыл тұқымдыларды дұрыс іріктеуге мүмкіндік беретін және жануарға келетін зақымды болдырмайтын арнайы ережелер бойынша және арнайы орындарда иттердің жұмыс сапасын тексеруді қоспағанда, рұқсат етілмеген ұрыстар өткізу.
12 тармақты төмендегі мазмұнмен толықтырылсын:
Иттердің серуендеу орны белгіленген аула аумақтарының санитарлық жай-күйін ұстауға жәрдемдесуді жануарлар иелеріне үсыну.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Ауыл шаруашылығы министірлігі
Ақтау қалалық аумақтық
басқармасының бастығы
Н.Көшкінбаев
28.06.2006 ж.