О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 15 января 2002 года № 8 «Об утверждении правил о порядке и условиях финансирования общественных работ», номер государственной регистрации 1175 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 15 қаңтардағы № 8, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1175 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 26.08.2005 № 291 қаулысымен. Казақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 каулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесін орындауда және қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 15 қаңтардағы № 8 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1175, «Қостанай таңы» № 44, 45, 2002 жылғы 31 мамыр және «Костанайские новости» № 78, 2002 жылғы 28 мамыр) төмендегі өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы ережедегі: 4-тармақтағы «жергілікті (облыстық) бюджеттің» деген сөздер «мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттің» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы «жергілікті (облыстық) бюджеттің қаражаты есебінен» деген сөздер алынып тасталсын; 9, 10, 11, 12-тармақтардағы «жергілікті (облыстық) бюджеттен» деген сөздер «мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен» деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақтағы «жұмысқа қабылдаған бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытының есеп табелін, еңбекақы есептеу тізбесін» деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға жүктелсін.