О внесении дополнений в решение областного маслихата от 15 октября от 2003 года № 12 «О Регламенте Актюбинского областного маслихата», зарегистрированного в областном управлении юстиции 13 ноября 2003 года № 2436 Қолданыста
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 13 қарашада № 2436 тіркелген 2003 жылғы 15 қазандағы № 12 «Ақтөбе облыстық мәслихатының Регламенті туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы
Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына, «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 9 бабына және Қазақстан Республикасы Орталық
Сайлау комиссиясының 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 105/126 «Жергілікті өкілді
органдардың сайлау комиссияларын құру жөніндегі Қазақстан Республикасы
Орталық Сайлау комиссиясының ұсынымдарын бекіту туралы» қаулысына
сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Облыстық мәслихаттың облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 13
қарашада № 2436 болып тіркелген 2003 жылғы 15 қазандағы № 12 «Ақтөбе
облыстық мәслихатының Регламенті туралы» шешіміне облыстық мәслихаттың
облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 20 мамырда № 27 тіркелген
2004 жылғы 22 сәуірдегі жетінші сессиясының № 53 шешіміне енгізілген
өзгерістерді есепке алып, мынадай толықтырулар енгізілсін:
Мынадай мазмұндағы 56-1 тармағымен толықтырылсын:
Тармақ 56-1
56-1. Облыстық мәслихат сайлау комиссияларын құру және сайлау тәртібін саяси партиялардың ұсыныстары бойынша жүзеге асырады. Облыстық
аумақтық, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарын
сайлау жөніндегі округтік, облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау
жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлайды.
Мәслихаттың хатшысы депутаттардан және мәслихат аппаратынан
бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау комиссияларының құрылғандығы
туралы хабарлама жарияланғанға дейін кемінде үш күн қалғанда сайлау
комиссияларын құру жөніндегі Жұмыс тобын (бұдан былай - Жұмыс тобы)
құрады.
Тармақша 1
1) Мәслихаттың Жұмыс тобы саяси партиялардан және басқа қоғамдық
бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған
комиссиялардан құрылатын комиссияның құрамына кандидатуралар туралы
келіп түсетін ұсыныстарды жинаумен және өңдеумен айналысады.
Сайлау комиссияларының құрамын дайындау кезінде Жұмыс тобы
бірінші кезекте саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстарды басшылыққа
алады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санына (жеті)
тең ұсыныстар түскен жағдайда Жұмыс тобы мәслихаттың отырысына осы
сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Егер дауыс
беру барысында мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын
білдіретін болса ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын
кандидатураға ауыстырылады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санынан
артық (жетіден артық) ұсыныс түскен кезде Жұмыс тобы мәслихат сессиясына
осы сайлау комиссиясын сайлау жөнінде рейтингтік дауыс беруді өткізуді
ұсынады.
Жұмыс тобы әрбір депутат үшін осы кандидатураны қандай саяси партия
енгізгенін көрсете отырып, саяси партиялар ұсынған кандидатуралар кіретін
бюллетеньді дайындайды. Бюллетеньге кандидатуралар саяси партиялардан
ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен қосылады. Бюллетеньде кандидатуралар тектерінің оң жағында депутаттар тек қана жеті шаршыда белгі
(қос қиғаш сызық, құсқанат) қоятын шаршылар белгіленеді.
Тармақша 2
2) Алғашқы жеті орынға неғұрлым көп дауыс жинаған саяси партиялардың өкілдері сайланған болып есептеледі.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссияларының мүшелерінің саны
бойынша (жетіден кем) ұсыныстар түскен кезде Жұмыс тобы жеткіліксіз
кандидатуралар бойынша бос орынға қоғамдық бірлестіктерден және жоғары
тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныс енгізеді.
Тармақша 3
3) Дауыс берудің нәтижелерін сессия мәслихатында Есептеу комиссиясының төрағасы жариялайды. Сайлау комиссиясының төрағасын,
орынбасарын және хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының
ұйымдастырушылық отырысын депутаттардың неғүрлым көп дауысын алған
кандидатура жүргізеді.
Тармақша 4
4) Депутаттардың тең дауысы болған жағдайда осы кандидатура
депутаттардың ашық дауысымен анықталады.
Облыстық аумақтық, округтік сайлау комиссияларының төрағалары,
орынбасарлары, хатшылары олар құрылған күннен жеті күндік мерзімнен
кешіктірілмей өткізілетін отырыстарда сайланады.
Облыстық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау
комиссияларының құрамы мен өзгерістерді жариялайды. Жарияланатын
материалдардың көлемі басылымның бір санында оған қосымшасымен
орналастырылуы тиіс.
Сайлау комиссиясы мүшесінің мәртебесі заңнамалармен анықталады.