О внесении изменений в решение Алматинского областного Маслихата от 15 июля 2003 года № 35-204 "Об утверждении Правил и размеров оказания адресной социальной помощи семьям, воспитывающим и обучающим на дому детей-инвалидов", зарегистрированного в управлении юстиции 15 августа 2003 года № 1292 Күшін жойған
Басқа 0
2003 жылғы 15 тамызда №№1292-мен әділет басқармасында тіркелген, Алматы облыстық Мәслихатының жылғы 15 шілдедегі "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" № 35-204 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңын басшылыққа алып, мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмек жыл сайын облыстық бюджетпен бекітілетінін ескере отырып, Алматы облысының Мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 14 қазандағы № 115 Жетісу және 2003 жылғы № 114 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған, Алматы облыстық Мәслихаттың 2003 жылғы 15 шілдедегі "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" № 35-204 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі мен мөлшерінде:
бірінші абзацтағы: "Облыстық Мәслихаттың 2002 жылғы 26 желтоқсандағы "Алматы облысының 2003 жылға арналған облыстық бюджеті туралы № 31-160 шешімімен бекітілген" деген сөздер алынып тасталсын.
6 тармағы төмендегідей редакцияда жазылсын: "Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш ұсынылған барлық құжаттарымен, сондай-ақ әлеуметтік көмек тағайындалуы туралы Комиссияның шешімімен алушының жеке ісінде сақталады.".
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.