О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 15 мая 2003 года №а-4/125 «О противопожарной охране лесов на территории Акмолинской области» зарегистрированное в управлении юстиции от 17 июня 2003 года № 1853 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 15 мамырдағы №а-4/125, әділет басқармасында 2003 жылғы 17 маусымда №1853 болып тіркелген «Ақмола облысы аумағындағы ормандарды өрттен қорғау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2003 жылғы 8 шілдедегі №477 «Қазақстан Республикасының орман кодексіне», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1999 жылғы 27 тамыздағы №1271 «Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңдарына, Ауыл шаруашылығы министрлігі 1996 жылы 16 шілдеде бекіткен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылдың 9 тамызында №197 болып тіркелген Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету Ережелеріне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 15 мамырдағы №а-4/125, әділет басқармасында 2003 жылғы 17 маусымда №1853 болып тіркелген «Ақмола облысы аумағындағы ормандарды өрттен қорғау туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) әкімдік қаулысының «Ірі өрттердің, апаттардың, дүлей күш зардаптарының және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі облыстық жедел штабтың құрамы» атты қосымшасы осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда берілсін;
Тармақша 2
2) 3-тармағы мынадай мазмұнды 1) тармақшамен толықтырылсын: «1) облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрттерді сөндіру үшін ормандағы өрттің қауіпті кезеңіне арнап жанар-жағар май материалдарының сақтық қорын құруды қарастырсын»;
Тармақ 2
2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді.
Басқа 5
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 22.04 №а-4/103 «Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 15 мамырдағы №а-4/125, әділет басқармасында 2003 жылғы 17 маусымда №1853 болып тіркелген «Ақмола облысы аумағындағы ормандарды өрттен қорғау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына қосымша Ірі өрттердің, апаттардың, дүлей күш зардаптарының және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі облыстық жедел штабтың ҚҰРАМЫ 1. Отаров Қадырхан Махмұтұлы - облыс әкімінің орынбасары, штаб бастығы 2. Қанапиянов Ілияс Ахметжанұлы - облыстық ТЖ жөніндегі басқарма бастығы, штаб бастығының орынбасары (келісім бойынша) 3. Жолдаспаев Болат Жұмағұлұлы - Ақмолда облысы бойынша МӨҚ бастығы 4. Түсіпбеков Дауыл Төлеутайұлы - Ақмола облыстық ІІББ бастығы 5. Қынышпаев Бақыт Нұрахметұлы - Ақмола облысының әскери комиссары (келісім бойынша) 6. Үйсінбаев Асқарбек Съезбекұлы - облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы 7. Сексенбаев Жаркен Кәкімұлы - Ақмола облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры (келісім бойынша) 8. Жұматаев Жақсылық Төлеұлы - Ақмола темір жол тасымалы бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша) 9. Комалдинов Инсафутдин Мавзетдинович - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы 10. Боргер Анатолий Карлович - «Көкшетау-Энерго» ЖШС-нің президенті м.а. (келісім бойынша) 11. Новиков Олег Анатольевич - «АРЭК» ЖАҚ-ның директоры (келісім бойынша)