О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 15 июля 2003 года № а-7/192 «О проведении регионального конкурса «Лучшие товары Казахстана в Акмолинской области», зарегистрированное в Управлении юстиции Акмолинской области от 29 июля 2003 года № 1941 Күшін жойған
Басқа 0
«Ақмола облысында Қазақстанның ең жақсы тауарлары» аумақтық конкурсты өткізу туралы» облыс әкімдігінің 2003 жылғы 15 шілдедегі № а-7/192, Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылы 29 шілдеде № 1941 болып тіркелген, қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақмола облысында Қазақстанның ең жақсы тауарлары» аумақтық конкурсты өткізу туралы» облыс әкімдігінің 2003 жылғы 15 шілдедегі № а-7/192 (Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылы 29 шілдеде № 1941 болып тіркелген) қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) аталған қаулымен бекітілген 1-қосымшасындағы «Ақмола облысында Қазақстанның ең жақсы тауарлары» аумақтық конкурсты өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына:
Марат Тұрсынайұлы Мыңжанов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола аумақтық басқармасының бастығы (келісімі бойынша);
Ғинаят Әшімұлы Қасенов - Ақмола облысы бойынша Стандарттау, метрология және сертификациялау комитетінің мемлекеттік стандартты қадағалау басқармасының бастығы (келісімі бойынша) енгізілсін;
Андрей Николаевич Никишов;
Серікжан Кәкімжанұлы Қасымов шығарылсын;
Тармақша 2
2) аталған қаулымен бекітілген 2-қосымшасындағы «Ақмола облысында Қазақстанның ең жақсы тауарлары» аумақтық конкурсты өткізу жөніндегі әділ қазылар алғасының құрамына:
Ғинаят Әшімұлы Қасенов - Ақмола облысы бойынша Стандарттау, метрология және сертификациялау комитетінің мемлекеттік стандартты қадағалау басқармасының бастығы (келісімі бойынша);
Маржан Бопайқызы Күзембаева - экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасының бастығы;
Аманжол Жазыұлы Жазин - облыстық мәслихаттың хатшысы енгізілсін;
Гүлнәр Қабденқызы Құсайынова;
Серікжан Кәкімжанұлы Қасымов;
Галина Альбертовна Марченкова аталған әділ қазылар алқасының құрамынан шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының заңды күші 2004 жылдың 10 тамызынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.