О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 15 июля 2003 года № а-7/192 «О проведении регионального конкурса «Лучшие товары Казахстана в Акмолинской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақмола облысындағы Қазақстанның үздік тауарлары» аймақтық конкурсын өткізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 15 шілдедегі № а-7/192 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 15 шілдеде № а-7/192 «Ақмола облысындағы Қазақстанның үздік тауарлары» аймақтық конкурсын өткізу туралы» (әділет департаментінде 2003 жылғы 29 шілдеде тіркелген) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Тармақша 2
2) «Ақмола облысындағы Қазақстанның үздік тауарлары» конкурсының жүргізу Ережесінде: 4-тармақта «комитет және қазылар алқасы» сөздерінен кейін «Аймақтық конкурстың өтетін күнін ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды» сөздерімен толықтырылсын; 10-тармақтың 1 тармақшасы: «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті Конкурсқа қатысушылардың керекті құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады» жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Қ.Нұрғалиевке жүктелсін.
Басқа 5
Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № а-7/245 қаулысына 1 қосымша «Ақмола облысындағы Қазақстанның үздік тауарлары» аймақтық конкурсын өткізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 15 шілдедегі № а-7/192 қаулысына 1 қосымша «Ақмола облысындағы Қазақстанның үздік тауарлары» аймақтық конкурсын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті Нұрғалиев Асқар Қайыртайұлы Ақмола облысы әкімінің орынбасары, төрағасы Батаев Берік Әділгерейұлы Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, төрағаның орынбасары Әміржанов Асқар Сұлтанбекұлы «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері жалпы ұлттық одағы аумақтық бөлімшесінің директоры (келісім бойынша) Ашуов Әлібек Зекенұлы Ақмола облысының салық комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Жамбеталин Серік Ибрагимұлы Ақмола облысы ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Қалиасқаров Арман Балғожаұлы «Ұлттық сараптау және сертификациялау орталығы» ААҚ филиалының директоры (келісім бойынша) Қасенов Ғинаят Әшімұлы Облыстың метрология және техникалық реттеу басқармасының бастығы (келісім бойынша) Мащинская Елена Ивановна «Дастархан» ЖШС директоры, Ақмола облысы кулинарлар ассоциациясының төрағасы (келісім бойынша) Тегжанова Айдар Рахметқызы Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары
Басқа 6
Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № а-7/245 қаулысына 2 қосымша «Ақмола облысындағы Қазақстанның үздік тауарлары» аймақтық конкурсын өткізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 15 шілдедегі № а-7/192 қаулысына 2 қосымша «Ақмола облысындағы Қазақстанның үздік тауарлары» аймақтық конкурсын өткізу жөніндегі қазылар алқасының құрамы Нұрғалиев Асқар Қайыртайұлы Ақмола облысы әкімінің орынбасары, төраға Әміржанов Асқар Сұлтанбекұлы «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпы ұлттық одағы аумақтық бөлімшесінің директоры (келісім бойынша) Батаев Берік Әділгерейұлы Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры Қалиасқаров Арман Балғожаұлы «Ұлттық сараптау және сертификациялау орталығы» ААҚ филиалының директоры (келісім бойынша) Қалиасқарова Тұрсынхан Танымқызы Ақмола облысы сауда-өнеркәсіп палатасының директоры Қасенов Ғинаят Әшімұлы Облыстық метрология және техникалық реттеу басқармасының бастығы (келісім бойынша) Мащинская Елена Ивановна «Дастархан» ЖШС директоры, Ақмола облысы кулинарлар ассоциациясының төрағасы (келісім бойынша) Марченкова Галина Альбертовна Ақмола облыстық мәслихаты тексеру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Тегжанова Айдар Рахметқызы Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары