О внесении изменений и дополнения в постановление акимата области от 15 июня 2004 года 139 "Об областной ономастической комиссии" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 15 маусымдағы 139 "Облыстық ономастикалық комиссия туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N№151 "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының 25-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N№45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасына сәйкес және өңірдегі ономастикалық жұмысты реттеу, үйлестіру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының 2004 жылғы 15 маусымдағы N№139 "Облыстық ономастикалық комиссия туралы" қаулысына (Атырау облысы Әділет департаментінде 2004 жылғы 12 шілдеде N№2053 тіркелген, "Атырау" газетінде 2004 жылғы 5 тамызда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-қосымшада: 5-тармақтағы: 1), 2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "1) өңірдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын ретке келтіру, елді мекендерді қайта атау және тарихи-географиялық атауларды қалпына келтіру; 2) келесі мәселелер бойынша қорытындылар дайындау мен енгізу: ауылдарды (селоларды), кенттерді, ауылдық, (селолық) округтерді атау және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы; облыстық жергілікті атқарушы органдарының құзыреті шеңберіндегі табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және өзге де объектілерді атау және олардың атауларын өзгерту туралы; 3) көрнекі ақпараттар мен жарнамалық мәтіндерді ресімдеуді біріздендіру, үйлестіру және бақылау"; 4) тармақша алынып тасталсын; 6-тармақ келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: "10) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың атауларында, жарнама мәтіндерінде тілдік нормалардың сақталуын бақылау арқылы, ономастикалық объектілердің атауларын реттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.