О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2004 года N 1059 по вопросам исчисления времени на территории Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында уақыт есептеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 15 қазандағы N 1059 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 575-құжат) қаулысында : 2-тармақ алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 шiлдедегі N 775 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 27, 360-құжат) қаулысында : 1-тармақтың екiншi абзацы және 2-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 және 2004 жылғы 20 шiлдедегi N 775 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қазандағы N 1059 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 38, 501-құжат) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi халықты Қазақстан Республикасының аумағында "жазғы" және "қысқы" уақытқа көшу рәсiмiн жою туралы хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.