О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2004 года N 1324 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 338  Жарлығының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат)  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: "Барлығы, штат саны* (бірлік)" деген бағанда: "Маңғыстау" деген жолдағы "1223" деген сандар "1285" деген сандармен ауыстырылсын; "ЖИЫНЫ:" деген жолдағы "47424" деген сандар "47486" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысының әкімі:
Тармақша 1
1) өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі