О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2004 года N 1324 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 155 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 556 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: "Барлығы, штат саны* (бірлік)" деген бағанда: "Қызылорда" деген жолдағы "2078" деген сандар "2084" деген сандармен ауыстырылсын; "ЖИЫНЫ" деген жолдағы "47486" деген сандар "47492" деген сандармен ауыстырылсын; "Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімі орынбасарларының саны (бірлік)" деген бағанда: "Қызылорда" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын; "ЖИЫНЫ" деген жолдағы "68" деген сандар "69" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қызылорда облысының әкімі:
Тармақша 1
1) әкім аппаратының құрылымында штат саны 5 бірліктен тұратын Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ететін бөлім құруды ұсынсын; өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін; осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.