О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2004 года N 1324 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: "Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс." деген сөздер "Халқының саны 400 000 адамнан аз аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400 000 адамнан астам аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс." деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.