О внесении изменения в постановление акимата города Алматы "О комиссии по обеспечению безопасности на транспорте при акимате города Алматы" от 15 марта 2004 года N 2/230 Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы Әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 15 наурыздағы № 2/230 "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия туралы" қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Жұмысты сипаттамасының өзгеруiне, сондай-ақ қаладан тысқары жерге көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi комиссияның кейбiр мүшелерiнiң кетуiне байланысты, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңын
басшылыққа ала отырып, Алматы қаласы Әкiмдiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 15 наурыздағы N 2/230 "Алматы қаласы Әкiмдiгiнiң жанындағы көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия туралы"
қаулысына
, Алматы қаласы Әдiлет басқармасында 2004 жылғы 16 сәуiрде N 591 тiркелген, 2004 жылғы 24 сәуiрде "Вечерний Алматы" N 77-78 және 2004 жылғы 24 сәуiрдегi "Алматы ақшамы" N 46 газеттерiнде жарияланған мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
осы қаулының қосымшасы 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда берiлсiн.
Тармақ 2
2. Белгiленген заң тәртiбiнде Алматы қаласы Мәслихатының бекiтуiне осы қаулының 1 қосымшасында көрсетiлген қалалық комиссияның дербес құрамы берiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Заяц Я.И. жүктелсiн.
Басқа 4
Алматы қаласы Әкiмдiгiнiң
2005 жылғы "11" сәуірдегі
қаулысына 1 қосымша
Алматы қаласы Әкiмдiгiнiң жанындағы көлiктегi
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия
құрамы
Яков Игнатьевич Заяц - Алматы қаласы Әкiмiнiң
бiрiншi орынбасары,
комиссия төрағасы
Мәулен Шапанбайұлы - Жолаушылар көлiгi және
Мұқашев автомобиль жолдары
департаментi директоры,
комиссия төрағасының
орынбасары
Игорь Евдокимович - комиссия хатшысы,
Ключников полиция полковнигi
Комисия мүшелерi:
Әнуәрбек Сиражұлы - Қазақстан Республикасы
Әмiрханов өнеркәсiп қауiпсiздiгi
және көлiк қауымдастығының
төрағасы (келiсуi бойынша)
Мұрат Махметұлы - "Көлiктегi ғылыми-зерттеу"
Бекмағамбетов институты" акционерлiк
қоғамының директоры
(келiсуi бойынша)
Нұрлан Әлиұлы - Алматы қаласы бойынша
Бектенов көлiк бақылау
басқармасының бастығы
Iзбасар Тiлебалдыұлы - Алматы қалалық Iшкi iстер
Бектұров бас басқармасы
жол полициясы
басқармасының бастығы
Владимир Михайлович - "Тәуелсiз бағалау және
Дарвин сараптау" жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгiнiң
бас директоры
(келiсуi бойынша)
Бауыржан Бейсенұлы - Қазақстан Республикасы
Ысқақов Төтенше жағдайлар
министрлiгiнiң Алматы
қаласы төтенше жағдайлар
жөнiндегi департамент
бастығы
Борис Константинович - Алматы қаласы Жұмылдыру
Малиновский даярлығы және төтенше
жағдайлар департаментiнiң
директоры
Алмат Зарлықұлы - Алматы қалалық Табиғи
Мұрзин ресурстар және табиғатты
пайдалану департаментi
директоры
Ерiк Құсманұлы - Алматы қаласы қоршаған
Уандықов ортаны қорғау
басқармасының бастығы