О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года N 62 "Об утверждении Правил регистрации профессиональными участниками рынка ценных бумаг, оказывающими услуги номинального держания, сделок с ценными бумагами, а также оформления и выдачи ими выписки с лицевого счета держателя ценных бумаг" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 62 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2819 тіркелген, 2004 жылы Агенттіктің "Қаржы хабаршысы" N 4-5 басылымында жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3241 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 300 қаулысымен өзгерістермен) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесінде:
мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-тармақтармен толықтырылсын:
Тармақ 12-1
"12-1. Номиналды ұстаушы айына бір реттен кем емес номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшірмесін жасайды және оларды сақтайды. Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғалуға жатады.
Тармақ 12-2
12-2. Резервтік көшірмелерді сейф операцияларына лицензиясы бар ұйым сыртқы тасымалдаушыларда (CD-R, CD-RW, Flash-Drive) сақтайды. Резервтік көшірмелер жаңартылған резервтік көшірмелермен ауыстырылғанға дейін сақталады.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушыға, бағалы қағаздар орталық депозитарийіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға