О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года N 63 "О требованиях к эмитентам и их ценным бумагам, допускаемым (допущенным) к обращению на фондовой бирже, а также к отдельным категориям списка фондовой биржи" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2803 тіркелген, 2004 жылы N 4-5(5) "Қаржы хабаршысы" журналында жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3122 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 246 қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3330 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 336 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай толықтырулар енгізілсін:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) эмитенттің ішкі құжаттарында 2005 жылғы 21 ақпандағы Эмитенттер кеңесінің мәжілісінде мақұлданған Корпоративтік басқару кодексін сақтау қажеттілігі көзделеді;";
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) эмитенттің ішкі құжаттарында 2005 жылғы 21 ақпандағы Эмитенттер кеңесінің мәжілісінде мақұлданған Корпоративтік басқару кодексін сақтау қажеттілігі көзделеді;".
Тармақ 2
2. Листинг компаниялары 2006 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талабына сәйкес келтірсін.
Қор биржасы 2005 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талабына сәйкес келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
Тармақ 5
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылық байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.