О внесении изменения в постановление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года N 63 "О требованиях к эмитентам и их ценным бумагам, допускаемым (допущенным) к обращению на фондовой бирже, а также к отдельным категориям списка фондовой биржи", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 2803 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2803 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2803 тіркелген, 2004 жылы Агенттіктің басылымында "Қаржы хабаршысы" N 4-5(5) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 17-тармақтағы "шілдеге" деген сөз "қазанға" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға, қор биржасына, орталық депозитарийге жіберсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Бахмутоваға жүктелсін.