О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года N 63 "О требованиях к эмитентам и их ценным бумагам, допускаемым (допущенным) к обращению на фондовой бирже, а также к отдельным категориям списка фондовой биржи" Күшін жойған
Басқа 0
"Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы № 63 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2803 тіркелген, "Қаржы хабаршысы" журналында 2004 жылы № 4-5(5) жарияланған), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 246 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3122 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы № 336 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3330 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 106 қаулыларымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3569 тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулыларға мынадай толықтырулар енгізілсін:
3-тармақта:
бірінші абзацтағы "онда болуы бойынша" деген сөздерден дейін "(инфрақұрылымдық облигациялардан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша "және жауапкершілігі шектеулі серіктестік" деген сөздермен толықтырылсын;
8-1) тармақшадағы "2005 жылғы 21 ақпан" деген сөзден кейін "(жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
мына мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Қор биржасының ресми тізіміне листингтің барынша жоғары санаты және онда инфрақұрылымдық облигациялардың болуы бойынша енгізген кезде олардың эмитенті осы қаулының 3-тармағының 6), 8), 8-1) және 9) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.".
Тармақ 2
2. Қор биржасы осы қаулыны алған күннен бастап он төрт күн ішінде өз ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкестендіруі тиіс.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, қор биржасына және "Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлесітігіне жіберсін.
Тармақ 5
5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.