О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2004 года № 1324 «О некоторых вопросах утверждения лимитов штатной численности местных исполнительных органов» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерінде және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті санында: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 800000 адамнан артық облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 5 бірліктен аспауы тиіс.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.