О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2004 года № 1324 «О некоторых вопросах утверждения лимитов штатной численности местных исполнительных органов» Күшін жойған
Басқа 0
«Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті санында:
«Облыстың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері орынбасарларыныңсаны (бірлік)» деген 3-бағанда:
«Қостанай» деген жолдағы «4» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын;
«ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «77» деген сандар «78» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.