О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2004 года № 1324 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
"Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімі орынбасарларының саны (бірлік)" деген бағанда:
"Шығыс Қазақстан" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
"ЖИЫНЫ:" деген жолдағы "69" деген сандар "70" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Тармақша 1
1) өзінің бұрын шығарған актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.