Об исполнении постановления Правительства Республики Казахстан от 15 января 2004 года № 38 «О некоторых вопросах кредитования местных исполнительных органов на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ 2004 года» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 38 «Жергілікті атқарушы органдарды 2004 жылғы көктемгі егіс және егін орағы жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін несиелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысын жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 38 «Жергілікті атқарушы органдарды 2004 жылғы көктемгі егіс және егін орағы жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін несиелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысын, сонымен қатар облыстық мәслихат сессиясының 2004 жылғы 23 ақпандағы № Зс-4-3 шешімін жүзеге асыру мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың ауыл шаруашылық товарларын өндірушілерін 2004 жылғы көктемгі егіс және егін орағы жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін несиелендіру ережелері бекітілсін (қосымша 1).
Тармақ 2
2. 10.1.257.83. «Ауыл шаруашылық товарларын өндірушілерді 2004 жылғы көктемгі егіс және егін орағы жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға несиелендіру» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі болып Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қосымшадағы 1 миллиард теңгенің 10.1.257.83. «Ауыл шаруашылық товарларын өндірушілерді 2004 жылғы көктемгі егіс және егін орағы жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға несиелендіру» бюджеттік бағдарламасының төлқұжаты бекітілсін.
Тармақ 4
4. Бағдарлама әкімшісі мен аудан әкімдері бөлінген кредит ресурстарының мақсатты түрде пайдаланылуын және уақытында қайтарылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарлары Қ.М. Отаров пен Д.З. Әділбековке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы кол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 7
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 18 қаңтардағы № 38
«Жергілікті атқарушы органдарды
2004 жылғы көктемгі егу және егін
орағы жұмыстарын жүргізуді
ұйымдастыру үшін несиелендірудің
кейбір сұрақтары туралы» Қаулысын
жүзеге асыру туралы облыс әкімдігінің
2004 ж. 23.02. № а-2/42 қаулысына
1-қосымша
2004 жылы көктемгі егу және орақ жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілерін несиелеу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2004 жылдың көктемгі егу және орақ жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға жергілікті орындаушы органдарды несиелеудің кейбір сұрақтары туралы» 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 38 Қаулысына сәйкес ауылшаруашылық техникаларын немесе ауылшаруашылық машиналары үшін қосалқы бөлшектер, тұқым дәрілеуіш, гербициттер, тыңайытқыштар, тұқымдар, жанар-жағар май сатып алуға бюджеттік қаражаттан жеңілдікпен кредит алу жағдайларын, механизмін және мерзімдерін анықтайды.
Тарау 2. 2. Негізгі түсініктер
2. Негізгі түсініктер
Бағдарламаның әкімшісі - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және ауылшаруашылық тауар өндірушілерін несиелеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру мен негіздеуге жауапты мемлекеттік орган.
Бағдарламаның операторы - бағдарлама әкімшісімен шарт жасасу негізінде қарыз алушыны әрі қарай кредиттеу үшін жергілікті бюджет қаражатынан кредит алушы, күшіне енген Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес несиелеу жүргізуге құқығы бар ұйым.
Соңғы қарыз алушы - ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға.
Тарау 3. 3. Қарыз беруші банкті анықтау
3. Қарыз беруші банкті анықтау
Тармақша 1
1) Бағдарламаның әкімшісі байқауда «Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттер үшін есеп түрін жүргізу және бюджетті орындау жөніндегі қаржылық процедуралардың ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдесіндегі № 832 қаулысына сәйкес бағдарламаның операторын (банк-қарыз берушіні) анықтау бойынша тендер өткізуінде келесі негізгі критерилерді ұстауы қажет:
ең аз комиссиондық ақы төлеу, жылдық сыйақы 4% артық емес бюджеттік кредиттің уақытында қайтарылуы жөніндегі өз қамтамасыз етуінің барлығы республикалық бюджеттен алдында алынған несие бойынша қарыздарының болмауы.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның әкімшісі
4. Бағдарламаның әкімшісі
Тармақша 1
1) Бөлінген несие үшін соңғы қарыз алушымен есептесу жағдайына байланыссыз облыстық бюджеттен алған қаражатты 2004 жылдың 30 қарашасына дейін қайтару Банктің міндеттемесінде міндетті түрде айтылатын Банкпен үш жақты (Ақмола облысының әкімі, әкімші) несиелеу шартын жасайды;
Тармақша 2
2) қарыз алушыларға несиелік қордың бөлінуін және 80 пайыздан кем емес мөлшерінің жанар-жағар май материалдарын алуға бөлінуін камтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) ауданның соңғы қарыз алушылары алған несие қорды уақытында қайтармаған жағдайларда банктің корреспенденттік шотынан акцепсіз шығарып тастауға құқығы бар.
Тарау 5. 5. Аудандардың әкімдері
5. Аудандардың әкімдері
Тармақша 1
1) ауылшарашылық тауар өндірушілерден өтінімдер қабылдайды және әлеуетті қарыз алушылардың тізімін әкімшіге береді. Тізімге нақты қарыз алушылардың лайықты енгізілуі үшін жауап береді;
Тармақша 2
2) Жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайытқыштар, гербициттер, тұқым дәрілеуіштер, ауылшаруашылық машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға бөлінген несие қоры, және де ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға немесе жалға алуға бағытталған несиелеу қаражаттарының түсуі мен мақсатты пайдаланылуын байқауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) 2004 жылдың 30 қарашасына дейінгі мерзімде облыстық бюджетке несие қордың уақытында қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Тарау 6. 6. Бағдарламаның операторы - Екінші деңгейдегі Банк
6. Бағдарламаның операторы - Екінші деңгейдегі Банк
Тармақша 1
1) кепілдемені Банк тексергеннен кейін, сараптамаға берілген құжаттардың толықтылығы және несие тарихының дұрыстығы жағдайында ғана несие беріледі.
Көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда Банктің несие алушыны тізімнен шығаруға құқығы бар;
Тармақша 2
2) несие алушылар үшін несиені тек ақшалай қайтару міндетті шарт болып табылады.
Тармақша 3
3) алынған несие қорын 2004 жылдың 30 қарашасына дейінгі мерзімде облыстық бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
Тармақша 4
4) несие алушылармен шарт жасасқанда егер олар белгіленген заңнамалық тәртіпте несие қорын мақсатсыз пайдаланған жағдайда айыппұл төлейтіні ескерілген.
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері несие қорын уақытында, белгіленген тәртіппен қайтармаған жағдайда талап жұмысы жүргізеді.
Тарау 7. 7. Несие қорын алушылар.
7. Несие қорын алушылар.
Тармақша 1
1) Оператормен - Екінші деңгейдегі Банкпен шарт жасасады.
Тармақша 2
2) Алынған несие қорын 2004 жылдың 30 қарашасына дейінгі мерзімде қайтарады.
Тармақша 3
3) Несие қорын мақсатсыз пайдаланған жағдайда және қайтару мерзімін бұзғанда Оператордың алдында жасалған шартқа сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Бюджеттік Бағдарламаның Операторына және Әкімшіге Несиені белгіленген мерзімде қайтару жауапкершілігі жүктеледі.
Басқа 30
2 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 15 қаңтардағы № 38
«Жергілікті атқарушы органдарды 2004
жылғы көктемгі егу және егін орағы
жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру
үшін несиелендірудің кейбір мәселелері
туралы» қаулысын жүзеге асыру туралы
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (бюджеттік бағдарлама әкімшілігі) Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді 2004 жылдың көктемгі егу және орақ жұмыстарын жүргізуге несиелеу ТӨЛҚҰЖАТЫ
(бюджеттік бағдарлама атауы)
2004 жылға
Тармақ 1
1. Құны- 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативті - құқықтық негізі:
- Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» 01.04.1999 жылғы № 357-1 Заңы
- «Ауыл шаруашылық серіктестіктері және бірлестіктері туралы» 25.01.2001 жылғы №133-11 Заңы
- Ауыл шаруашылығы туралы Заң («Астық туралы» 19.01.2001 жылғы № 143-11, «Жер туралы» 24.01.2001 жылғы № 152-11)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2004 жылдың көктемгі егу және орақ жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруды жергілікті бюджеттен несиелеудің сұрақтары туралы» 15.01.2004 жылғы № 38 Қаулысы
- Облыстық Маслихаттың 2004 жылғы ... № шешімі
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
Осы мақсатқа белгіленген, кағаз ақша көлемінде, республикалық бюджет қаражаты есебінен.
Тармақ 4
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
Ауыл шаруашылық жұмыстарының барлық түрлерін сапалы және уақытында өткізу мақсатында, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді 2004 жылдың көктемгі егу және орақ жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру үшін несиелеу.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
Мемлекеттік қолдау бойынша, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді қолдау және дамыту жөнінен қолайлы жағдайлар жасау мен шаралар қалыптастыру.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру шараларының жоспары.
№
Бағдарлама
коды
Бағдарла
малық
коды
Бағдарламаның
атауы
Бағдарламаны іске асыру шаралары (бағдарламал ық)
Іске асыру мерзімі
Жауапты
орындаушылар
1
2
2
4
5
6
7
1
257
83-00
Ауыл шаруашылық тауар
өндірушілерді 2004 жылдың көктемгі егу және орақ жұмыстарын жүргізуге несиелеу.
Ауыл
шаруашылық
тауар
өндірушілерді қаржылы- несиелі қолдау.
2004 ж.
Облыстық
ауыл
шаруашылығы
басқармасы
Ақмола ауыл шаруашылық басқармасы бағдарламаның әкімшілігі болып табылады. Бағдарламаның атауы: Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді көктемгі егу және орақ жұмыстарын жүргізу және өткізуге несиелеу. Республикалық бюджеттен бөлінген 1000 000 000 (бір миллиард) теңге сомалы несие қоры облыс аудандарына бөлінген (№1 қосымша).
Тармақ 7
7. Күтілетін корытындылар.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер уақытында ақша қаражатымен жабдықтау, ол 2004 жылғы көктемгі егу және орақ жұмыстарын сапалы өткізу үшін уакытында тұқым, минералды тыңайтқыштар, жанар-жағар май, техника және қосалқы бөлшектер алуды қамтамасыз етеді.