О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года № 63 "О требованиях к эмитентам и их ценным бумагам, допускаемым (допущенным) к обращению на фондовой бирже, а также к отдельным категориям списка фондовой биржи" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Агенттік Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2803 тіркелген) Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 246 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3122 тіркелген), 2004 жылғы 27 қарашадағы N 336 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3330 тіркелген), 2005 жылғы 26 наурыздағы N 106 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3569 тіркелген), 2005 жылғы 28 мамырдағы N 163 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3697 тіркелген), 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 355 қаулылармен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3919 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 9-тармақтағы "13-тармағында" деген сөздер "13 және 13-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын"; мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: "13-1. Қазақстан Республикасы резидент емес ұйымдарының листингтің ең жоғары санаты бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және сол тізімдегі акциялары мынадай листингтік талаптарға сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) листингтің ең жоғары санаты бойынша ресми тізімге мынадай биржалардың бірімен енгізілген: NASDAQ NYSE Deutsche Boerse Euronext London Stock Exchange Tokyo Stock Exchange BME Spanish Exchanges Borsa Italiana SWX Swiss Exchange Taiwan Stock Exchange Corp;
Тармақша 2
2) аталған биржаның біріндегі негізгі сауда алаңында айналыста болады.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы қаулыны алған күннен бастап он төрт күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
Тармақ 5
5. Агенттіктің халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.