О внесении дополнения и изменения в постановление акимата района от 15 февраля 2005 года № 107 «Об утверждении Правил предоставления социальной помощи отдельным категориям граждан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жеке санаттағы азаматарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 15 ақпандағы № 107 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жеке санаттағы азаматарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 ақпандағы № 107 аудан әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (2007 жылдың 10 сәуірінде тіркелген № 13-11-58) 2007 жылғы 6 наурыздағы аудан әкімдігінің № 79 қаулысымен енгізілген өзгертулерімен, «Жеке санаттағы азаматарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 ақпандағы № 107 аудан әкімдігінің қаулысына (2005 жылдың 24 наурызында тіркелген № 1542) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: Жеке санаттағы азаматарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелеріндегі: «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар 1.3 тармағы 5 тармақшасымен толықтырылсын. 2.7 тармақ жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.