О внесении дополнений в решение маслихата города Кокшетау от 15 февраля 2005 года № С-19/9 «Об утверждении Правил социальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкшетау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 15 ақпандағы № С-19/9 «Жеке категориялы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем төлеу Ережесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Көкшетау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 15 ақпандағы № С-19/9 «Жеке категориялы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем төлеу Ережесін бекіту туралы» (Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылдың 22 ақпанында № 3030 тіркелген, 2005 жылдың 3 наурызында № 10 «Көкшетау» газетінде жарияланған) шешіміне толықтырулар енгізілсін: Жеке категориялы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем төлеу Ережесіне: 12 тармақ, 4 тарау, 9) тараушаға келесі мазмұнда: «9) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 10 000 теңге; соғыс қимылдарына қатысқан адамдарға; кәмелет жасына жетпей концлагерь тұтқыны болғандарға; блокада кезінде Ленинград қаласында жұмыс істегендерге; Ұлы Отан соғысында қайтыс болған (мерт болған және із-түссіз жоғалған) жауынгерлердің ата-аналарына, қайтадан некеге отырмаған жұбайларына; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға - 5000 теңге. Ұлы Отан соғысы жылдарында 6 ай және одан да көп жұмыс істеген тыл еңбеккерлерге- 3000 теңге».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 01 сәуірінен мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.