О внесении изменения в решение Кокшетауского городского маслихата от 15 февраля 2005 года № С-19/9 «Об утверждении «Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
«Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем жасау Ережесін бекіту туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 15 ақпандағы № С-19/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем жасау «Ережесін бекіту туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 15 ақпандағы № С-19/9 (Ақмола облысының әділет басқармасында 2005 жылдың 22 ақпанында № 3030 тіркелген, 2005 жылдың 3 наурызында № 10 «Көкшетау» газетінде жарияланған, 2005 жылдың 22 сәуірдегі № С-20/9, 2006 жылдың 29 наурыздағы № С-30/9 толықтыруларымен) келесі өзгерістер енгізілсін:
4 тараудың 12 тармағының 1) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда берілсін:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге Жеңіс Күніне - 5000 теңге.
Тармақ 2
2. Осы шешім Көкшетау қаласының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң он күн ішінде күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.