О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 15 февраля 2005 года № С-19/9 «Об утверждении «Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкшетау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 15 ақпандағы № С-19/9 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем жасау Ережесін» бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 6 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Көкшетау қалалық мәслихатының шешімі 2005 жылғы 15 ақпандағы № С-19/9 бекітілген «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем жасау Ережесіне» (Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 22 ақпанда № 3030 болып тіркелген, 2005 жылғы 10 наурызда № 11 «Көкшетау» газетінде жарияланған) өзгерістер енгізілсін: 4 тараудың 8 тармағы келесі редакцияда баяндалсын: «8. Әлеуметтік төлем жылына бір рет отбасының мөшелеріне немесе бір мүшесіне ақшалай түрде комиссия қорытындысы бойынша беріледі»; 4 тараудың 12 тармағы 6) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын: «6. Балаларды қорғау күніне байланысты 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 2000 теңге».
Тармақ 2
2. Осы шешім Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми түрде жарияланған кезден бастап қолданысқа енеді.