О внесении изменений в решение маслихата от 15 декабря 2005 года № 217 «О бюджете юрода Лисаковска на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
«Лисаков қаласының 2006 жылғы арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармагымың 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111, 116-бабтарына, «Қостанай облысының 2006 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 258 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 2 маусымдағы № 321 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3541 болып тіркелген) және «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджет жобасы туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 816 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 13 маусымдағы № 438 қаулысына сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 қалалық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-35 болып тіркелген, 2006 жылғы 5 қаңтарда № 1 және 2006 жылғы 13 қаңтарда № 2 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған), бұрын «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 22 ақпандағы № 233 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-44 болып тіркелген); «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 15 наурыздағы № 252 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-46 болып тіркелген); «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу турары» 2006 жылғы 12 мамырдағы № 260 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-49 болып тіркелген) мәслихат шешімдерімен өзгерістер енгізілген, мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармағы мынадай редакцияда баяндалсын:
«1. Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
кірістер - 1 096 391 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 900 294 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 4 575 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 140 439 мың теңге;
ресми трансферттерден түсімдер - 51 083 мың теңге;
шығындар - 1 247 815 мың теңге;
операциялық сальдо (теріс) - 151 424 мың теңге;
бюджеттің тапшылығы - 151 424 мың теңге;
бюджеттің тапшылығын қаржыландыру - 151 424 мың теңге, оның ішінде:
қарыздардың түсімі - 179 309 мың теңге,
қарыздарды өтеу - -129505 мың теңге,
бюджеттік қаражаттар қалдықтарының қозғалысы - 101 620 мың теңге».
3-тармағы мынадай редакцияда баяндалсын:
«3. Лисаков қаласы әкімдігінің 2006 жылға арналған резерві 1 373 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
күтілмеген шығындарға - 1 373 мың теңге»;
Тармақ 2
2. 2006 жылға арналған қаланың бюджетінде тұрғын үй салуға 179 309 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен кредит көзделгені ескерілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Қостанай облысы Лисаков қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті
Қалалық мәслихат сессиясының
2006 жылғы 14 маусымдағы
№ 273 шешіміне
1-қосымша
Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті