О внесении изменений в решение маслихата от 15 декабря 2005 года № 217 «О бюджете города Лисаковска на 2006 год» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 2-бабының 3-тармағына, 111, 116-бабтарына, және «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджет жобасы туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 816 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 3 қазандағы № 931 қаулысына сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 қалалық мәслихатының шешіміне нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-35 болып тіркелген, 2006 жылғы 5 қаңтардағы № 1 және 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 2 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған), бұрын «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 22 ақпандағы № 233 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-44 болып тіркелген); «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 15 наурыздағы № 252 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-46 болып тіркелген); «Лисаков каласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 12 мамырдағы № 260 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-49 болып тіркелген); «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 14 маусымдағы № 73 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-51 болып тіркелген); «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 10 шілдедегі № 276 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-54 болып тіркелген); «Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 217 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 3 тамыздағы № 298 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-56 болып тіркелген) мәслихат шешімдерімен өзгерістер енгізілген, мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: кірістер - 1 223 916 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 1 017 304 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 2 675 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 142 339 мың теңге; трансферттердің түсімі - 61 598 мың теңге; шығындар - 1 352 865 мың теңге; операциялық сальдо (теріс) - 128 949 мың теңге; қаржы активтерімен операциялар жасау бойынша сальдо - 22 475 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 22 475 мың теңге; бюджеттің тапшылығы - 151 424 мың теңге; бюджеттің тапшылығын қаржыландыру - 151 424 мың теңге, оның ішінде: қарыздардың түсімі - 179 309 мың теңге, қарыздарды өтеу - -129505 мың теңге, бюджеттік қаражаттар қалдықтарының қозғалысы - 101 620 мың теңге». 2) 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Лисаков қаласы әкімдігінің 2006 жылға арналған резерві 1 454 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде: күтілмеген шығындарға - 1 454 мың теңге». 3) 2006 жылға арналған поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті
Қалалық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 10 қазандағы № 308 шешіміне № 1-қосымша Лисаков қаласының 2006 жылға арналған бюджеті
Басқа 4. 2006 жылға арналған поселке, аул (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Қалалық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 10 қазандағы № 308 шешіміне № 2-қосымша 2006 жылға арналған поселке, аул (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі