15 желтоқсан 2005 жылғы № 31-1 "Еңбекшіқазақ ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
15 желтоқсан 2005 жылғы № 31-1 "Еңбекшіқазақ ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 111-бабы, 1-тармағы, 1- тармақшасына, 116-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық Мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Еңбекшіқазақ ауданы Мәслихатынын 15 желтоқсан 2005 жылғы № 31-1 «Еңбекшіқазақ ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» (Норматив құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімде 2-8-25, «Еңбекшіқазақ» газеті № 3, 2006 жылғы 13-қаңтардағы, норматив құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімде 2-8-28, «Еңбекшіқазақ» газеті № 6, 2006 жылғы 3-ақпандағы, норматив құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімде 2-8-31, «Еңбекшіқазақ» газеті № 15, 2006 жылғы 7-сәуірдегі) төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1)“Kipicтep” деген жол бойынша “3 002 953” саны “3 012 078” санына өзгертілсін. “Алынған ресми трансферттер” деген жол бойынша “1441830” саны “1450955” санына өзгертілсін. Оның ішінде: “Нысаналы даму трансферттер” деген жол бойынша “313005” саны “314614” санына өзгертілсін; “Субвенциялар” деген жол бойынша “728455” саны “735971” санына өзгертілсін;
Тармақша 2
2)“Шығындар” деген жол бойынша “3 002 953” саны “3 012 078” санына өзгертілсін; “Мәслихат аппараты” деген жол бойынша “6397” саны “8397” санына өзгертілсін; “Әкім аппараты” деген жол бойынша “31439” саны “32989” санына өзгертілсін; “Білім беру” деген жол бойынша “2285453” саны “2290969” санына өзгертілсін; “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық” деген жол бойынша “196286” саны “197895” санына өзгертілсін; “Көлік және коммуникациялар автомобиль көлігі” деген жол бойынша “37700” саны “36150” санына өзгертілсін. Жолдар қосылсын: “Аудандык деңгейде спорттық жарыстарына қатысуы” деген жол бойынша “50” саны енгізілсін. “Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларынын мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы” деген жол бойынша “150” саны енгізілсін.
Тармақ 2
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа басылымда жариялансын.
Тармақ 3
3. Көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа басылымда жариялансын.
Тармақ 4
4. Көрсетілген шешімнің 3 қосымшасы осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес жаңа басылымда жариялансын..
Тармақ 5
5. Осы шешім 2006 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.