О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 15 декабря 2005 года № 31/8-III "О стоимости разовых талонов по Зыряновскому району, городу Зыряновску" Күшін жойған
Басқа 0
«Зырян ауданы, Зырян қаласы
бойынша бір жолғы талондардың
құны туралы» мәслихаттың
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 31/8-ІІІ шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы”
Казақстан Республикасы Заңының 6 бабының негізінде, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 373 бабының, «Бір жолғы талондарды беру Ережесін бекіту туралы» Казақстан Республикасы Мемлекеттік қірістер министрлігінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 29 қарашадағы № 601 бұйрығына сәйкес, Зырян ауданы – Зырян каласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Зырян ауданы, Зырян қаласы бойынша бір жолғы талондардың құны туралы» Зырян ауданы - Зырян қаласы мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 31/8-ІІІ шешіміне (тіркеу нөмірі 5-12-14, «Заря Востока» газетінде 2006 жылғы 21 қаңтарда жарияланды, тіркеу нөмірі 5-12-31, № 32 «Заря Востока» газетінде 2006 жылғы 12 тамызда жарияланған, «Зырян ауданы, Зырян каласы бойынша бір жолғы талондардың құны туралы» мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 31/8-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 37/4 - III шешімімен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 қосымшаға:
«Механикалық көлік кұралдарын және тіркемелерді айдап келу»: таяу шетелден ставка 500; шалғай шетелден -ставка 1000 жолы алынып тасталсын;
2 қосымшаға:
Тармақша 1
1) 30 ставкасымен «Сылыстырғыштарды, сыпырғыштарды сату» жолымен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 30 ставкасымен «Орман жидектерін, саңыраукұлактарды сату»
жолымен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Шешім Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Зырян
ауданының Әділет басқармасында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді;