О внесении изменений в постановление акимата Сарыкольского района от 15 февраля 2005 года № 65 «Об организации оплачиваемых общественных работ» Қолданыста
Басқа 0
«Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 15 ақпандағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 15 ақпандағы №65 қаулысына 2005 жылғы 11 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 3371 өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармактың күші жойылды деп есептелсін.
2) Қоғамдық жұмыстарды, ұйымдастыру тәртібі және қаржыландырудың шарттары туралы нұсқауына мынадай өзгерістер енгізілсін:
9-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлейтін шығындары әкімдіктің қаулысымен анықталған көлемінде, мәслихаттың шешіміне сәйкес жергілікті бюджеттің қаражатынан өтеледі.
Жұмыс берушілердің әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдарын төлеу шығындары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген көлемінде мәслихаттың шешіміне сәйкес жергілікгі бюджеттің қаражатынан өтеледі.
Жұмыс берушілердің екінші деңгейдегі банкілердің жалақыны және басқа ақшалай төлемдерді талап етуге дейін салымдары бойынша жеке шоттарына немесе банкінің дебиттік төлем карточкалар шотына қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға тиісті келісімшартпен анықталған көлемінде есептеу мен төлеу жөнінде комиссиондық сыйақы төлеу шығындары жергілікті бюджеттің қаражатынан мәслиаттың шешіміне сәйкес өтеледі.
Бюджеттік қаражат жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Бегалинге жүктелсін.