О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 15 марта 2005 года, № 75 «Об утверждении Правил предоставления социальной помощи на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан» Күшін жойған
Басқа 0
«Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық - курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 наурыздағы, №75 аудан әкімдігінің қаулысына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабындағы 1 тармақтың 14) тармақшасына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабындағы 2 тармақтың 3) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтардың бөлек санаттарына санаторлық курорттық емдеуге әлеуметтік көмек беру ережелерді бекіту туралы» 2005 жылғы 15 наурыздағы, №75 аудан әкімдігінің қаулысына (2005 жылғы 30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде тіркелген №1557, 2005 жылғы 30 сэуірде №20 «Нива» газетте жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтардың бөлек санаттарына санаторлық курорттық емдеуге әлеуметтік көмек беру ережелерінде:
1) 1 тармақта:
«жергілікті маңыздағы» деген сөздер шығарылсын;
«, санаторияларда және пансионаттарда» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 3 тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын: «барлық санаттардың мүгедектеріне».
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жариялау күнінен бастап әрекетке енгізіледі.