О реализации решения Денисовского районного маслихата от 15 декабря 2005 года № 80 «О бюджете Денисовского района на 2006 год» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов аудандық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 80 «2006 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64 бабы 3) тармақшасына, Қазакстан Республикасының «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына, Денисов аудандық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоксандағы № 80 «2006 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешіміне сәйкес (Денисов ауданының әділет баскармасында 2005 жылғы 29 желтоқсанда № 9-8-28 болып тіркелген) әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек» атты бюджеттік бағдарламаны орындау мақсатында жерғілікті бюджеттен мынадай әлеуметік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) туберкулезбен ауыратын аз камтылған азаматтарға әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) жеке қосалқы шаруашылығын сатып алуына байланысты шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) жалпы орта білім беретін ұйымдардың түлектері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитындарға Қазакстанның жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) қайтыс болған жұмыссыздар мен жасы кәмелетке толмағандарды жерлеуге әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекетік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілеті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындауға қажет құжаттар тізбесін бекітсін.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек» атты бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Қаулының орындалуына бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т.Мұратбековқа жүктелсін.